Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирургтер “Жігіттер” квартетінің мүшесі Бағланның қолын кесіп тастамақ болған

Хирургтер бір кездері ер азамат қауымына үлгі, нәзік жандыларға арман болған “Жігіттер” квартетінің мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың қолын білегінен төмен кесіп тастамақ болған.

рнеак

Бұл туралы анасы Нұрсұлу ханым “Аналар” бағдарламасында баяндап берді.

Жігіттер квартетінің аса сабырлы мінезімен, өзіне тән ерекше даусымен тәнті еткен әнші жастайынан сотқар болып өскен екен. Тіпті әнші емес, министр болуды армандаған.

Ата-анасының Бағланның алдында Бейбіт есімді ұлдары болған. Алайда бір жарым жасқа келген соң шетінеп кетеді. Анасы екінші рет ұл баланы дүниеге әкелген кезде қатты қуанғанын жасырмады. Сәбиі тек қуаныш сыйлап қоймай, мұңайтқан сәттері де болыпты. Бұл бастапқы екі айда мойнын желкеге қарай тартып, тоқтаусыз жылай беретіндігімен байланысты болса керек. Оны тәуіпке алып барып емдетуге мәжбүр болған екен.

x_43d77fe3

Әнді жақсы айтатын анасы Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сынды әншілерді сүйіп тыңдаған. Тіпті баласының есімін осы әншілермен байланыстырған.

“Өзім ойлайтынмын дүниеге ер бала әкелсем, солардың біреуінің есімін Бағлан қоямын деп. Роза Бағланова дегендегі Бағланова деген фамилия маған ұнайтын. Соны ойлап атын Бағлан қойдым”, – деген анасы жалғыз ұлының есімін өзі қойған екен.

image

“Байқап отырсаңыздар, сол қолындағы саусақтарында тыртық іздер бар. Ауылдастың үйінде антенна сваркілеп жатқанда ойнап жүріп, айналып тұрған трактордың вентеляторын ұстап, қолын турап алған. Әуелі құдай, екінші Орманов Нұрғали деген ағамыз. Аудандық аурухананың бас дәрігері хирургтар қолын кесеміз деп, білегінен төмен қарай кесіп тастамақшы болды. Әлгі ағамыз кестірмей “Қалай да болсын осы саусақты жалғап қолын орнына жалғап бересіңдер” деді”, – деп бүгінгі таңда домбыраны шебер тартып жүрген қолдан бір кездері айырылып қалуы мүмкін болған жағдайды баяндады.

огеп

“Бір баласы бардың шығар жаны бар” демекші, ана жүрек баласы үшін үнемі уайымдап жүреді екен.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін «Жігіттер» квартетінің әншісі Айдардың есімі жайлы  қызықты дерекпен бөліскені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау