Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ота жасау кезінде дәрігерлер 2 жасар баланы өртеп жіберген

 Ресей Федерациясының Ишим қаласында орналасқан №4 ауруханада дәрігерлердің қатесі салдарынан 2 жасар бала қайтыс болды.

22

Дәрігерлер баланың папилломасын алып тастау  керек болатын. Операция кезінде электр құралынан ұшқын шығып, баланың астында жатқан спирт сіңген майлық жана бастаған.

«Хирург дәрігердің қателігінен кішкентай сәбидің оң жақ құлағы мен бетін 1-2 дәрежелі термиялық күйіктер шалған», – деп баяндады РФ-ның Түмен облысы бойынша тергеу комитетінің баспасөз қызметі.

Ишим ауданаралық тергеу бөлімінің өкілдері дәрігердің үстінен «Өмір мен денсаулық қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін қызметтер көрсету» бабы бойынша іс қозғады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Талқылау