Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург адамдар жиі тапсырыс беретін жұлдыздардың бет-әлпетінен «мінсіз әйелдің» фотороботын жасап шығарды

Британдық пластикалық хирург танымал жұлдыздардың бет-әлпеттерінен мінсіз әйелдің фотороботын жасап шығарды.

pic_878400524aa862e6636c442d8decfe42

Бұл туралы Daily Mail жазды.
Айтуынша келушілер дәл осы жұлдыздардың бет-әлпеттеріне жиі тапсырыс жасайды екен.

Мінсіз сұлудың фотороботын жасау үшін лодндондық Centre for Advanced Facial Cosmetic and Plastic Surgery емханасының хирургі Джулиан Де Сильва өзіне соңғы 10 жылда келген пациенттердің сұраныстарын жіті бақылауға алған. Ол өзіне жиі «тапсырыс түсетін» бет-әлпеттерді таңдап алыпты.

ПЛ8

Дәрігердің пайымынша, танымал Кембридждік герцогиня Кэтриннің (алғашқы аты-жөні — Кейт Миддлтон) мұрнын жасатқысы келетіндер көп. Де Сильваның өзі де ханзада Уильямның жұбайының мұрнын мінсіз санайтынын айтқан. Маманның пікірінше, герцогиняның бет-әлпетінің дәл осы бөлігі «математикалық тұрғыдан дұрыс» орналасқан.

ПЛ7

Сондай-ақ, пластиканың фанаттары Кира Найтлидің қабағы мен көз қиығына жиі «тапсырыс» беретін көрінеді. Анджелина Джолидің жақ сүйегі мен Майли Сайрустың маңдайын, Селена Гоместің иегін, Шердің жағын, Риз Уизерспунның бет терісін қалайтындар да көп екен.

ПЛ6

Де Сильва әйелдердің танымал жұлдыздарға еліктеуінде еш әбестік жоқ екендігін айтты. Қайта пациенттер нақты «тапсырма» берсе, хирургтің жұмысы әлдеқайда жеңілдей түсетін көрінеді.

ПЛ5

Лондондық дәрігердің әйел сұлулығын зерттеумен айналысып жүргеніне біраз болған. 2016 жылдың басында компьютерлік картография әдіснамасына сүйенген дәрігер әріптестерімен бірге әлемдегі ең үйлесімді бет-әлпетті анықтады. Хирургтің пікірінше, мінсіз түрге актриса Эмбер Херд ие.

ПЛ4

ПЛ2

ПЛ1

ПЛ3

 

Талқылау