Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург операция үстінен трансляция таратып, жалаңаш емделушімен селфи жасады (фото)

Киевтік студент дәрігер жалаңаш жатқан емделушінің жанында селфи жасап, операция үстінен Periscope арқылы тікелей трансляция жасаған.

3810f69d3875a7

Селфи жасап, тікелей трансляция таратқан Ярослав мемлекеттік медициналық университетінің студенті екен. Ол сурет пен бейнежазбаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария еткен. Алайда желі қолданушылары оның бұл қылығын ерсі санап, жазбаны алып тастауды талап етіпті.

Оқиғаны хирург Эдгар Каминскийде өзінің желідегі парақшасында хабарлаған.

888

“Жағдайдан хабардар болған оқу орны басшылығы да оқытушылар кеңесімен бірге мәселені талқылап жатыр. Бірақ, біз нақты шешімді әзір айта алмаймыз”, – деді оқу орнының баспасөз қызметі.

Ал студент болса тіпті басын алып қашқан.

“Бұл суреттегі мен емес. Мен мүлде онда болған жоқпын. Мен тек оны басқа топтан алып сақтап қойған едім. Суреттегі шын мәнінде маған ұқсайтын қыз”, – дейді студент.

Эдгар Каминскийдің парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, ол “Гармония” деп аталатын пластикалық хирургиялық клиникада жұмыс істейді. Оның сөзінше, кейде емделушілер операция кезінде трансляция жасауға рұқсат береді екен.

Талқылау