Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хирург мамандар неліктен тек жасыл немесе көк түсті киім киеді?

Хирург дәрігерлердің операция кезінде тек жасыл немесе көк түсті киім киетіні белгілі. Неліктен оларға ақ халат киюге болмайды?

nz1.ru_14870628091

Бастапқыда барылық дәрігерлердің киімдері бірдей, ақ түсті болған. Ал бір дәрігер 1914 жылы бұған өзгеріс енгізіп, операция жасайтын дәрігерлерге жасыл түсті киім ұсынады.

Мәселе мынада: Қардай аппақ түс хирургтың көзін шағылыстырып жіберуі мүмкін. Әсіресе, ол қоңыр қызыл қан түсінен әріптесінің халатына қараған сәтте түстерді ажырата алмай қалады. Бұл оның жұмыс сапасына кері әсерін тигізеді. Мұндай сәтті біз әдетте күн шығып тұрған күні үйден шыға салған бетте жерде жатқан қарға көз салған сәтте бастан кешеміз.

Осы ретте хирург киімінің түсі ретінде неге алқызыл немесе сары түс емес, жасыл мен көк таңдап алынған деген сауал туындайды. Дәл осы жасыл немесе көк – түс спектрінде қызылға қарама-қарсы түстер болып табылады. Ал хирург операция кезінде қызыл түсті қанға өте көп қарайды.

Талқылау