Хирург әйелінің көзінше екі баласын атып өлтіріп, өзіне қол жұмсады

АҚШ-тың Техас штатында 36 жастағы дәрігер Кристофер Доусон әйелімен және 9 жасар ұлы Люк, 5 жасар қызы Обреймен бірге Норс-Ричленд-Хиллз қаласына көшіп келген, деп хабарлайды New York Post басылымына сілтеп Stan.kz.

Сурет: Әлеуметтік желіден

Ер адам 4 қыркүйек күні «Бейлор Скотт энд Уайт медикал сентр-Уаксачи» (Baylor Scott & White Medical Center-Waxahachie) орталығына жұмысқа тұрған. Алайда 20 қазан күні аяқ астынан жұмыстан шығып кетіпті.

Қайғылы оқиға орын алған 9 желтоқсан күні полицияға Кристофердің әйелі хабарласып, күйеуі отбасы мүшелерінің барлығын өлтіріп тастағанын хабарлаған. Оқиға орнына келген полицейлер оқ жарақатын алған екі баланың денесін тапқан. Болжам бойынша, Кристофер алдымен өз балаларын өлтіріп, артынан өз-өзіне қол жұмсаған.

Құқық қорғаушылар әзірге қайғылы оқиғаның себебін анықтамады. Әйел адам өз-өзіне келе алмай отырғандықтан, ешқандай пікір білдірген жоқ.

Оқи отырыңыз:

Канадалық миллиардер мен әйелі не себептен көз жұмғаны белгілі болды

Ресейде 19 жастағы қызды қорғап қалмақ болған полиция қызметкері көз жұмды

Франциялық ер адам жер шарын 42 күннің ішінде аралап шықты

Полицейлердің 93 жастағы мүгедек әжейді қатыгездікпен тұтқындаған сәті видеоға түсіп қалды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.04.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар