Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Химиктер балықты ұстап алуға ыңғайлы биялай жасап шықты

Ланьчжоу Химия-физика иниститутының химиктері қолда сусып тұрмайтын балықты ұстауға ыңғайлы биялай жасап шықты.

20160419033405.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c419640

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Жылбысқы қабықтан таймайтын қолғап тұтқыр затпен – шайда, емен қабығында, піспеген жемістерде кездесетін таннинмен қапталған. Зерттеушілер бастапқыда танниннің басқа заттармен қосылуына тәжірибе жүргізген. Оның биологиялық сұйықтар құрамын өзгертіп, ақуызбен ұйысып тұтқырланатыны анықталады.

Сарапшылар құрма немесе анарды жегенде ауыздың құрғап кеткені секілді болуына осы заттың тұтқырлығы себеп болады деп отыр. Таннинге муцин және басқа да тұтқыр табиғи заттар қосылғанда оның үйкелу қабілеті бірнеше есеге артқан. Ақырында химиктер жылбысқы балықты да ұстап тұра алатын биялай жасап шыққан. Оның матасында шағын таннин қышқылы бар ұяшықтар орналастырылған.

Жаңа қолғапты алғашында сары жайын балығына сынап көрген. Балықты тырп ете алмаған. Ал кәдімгі қолғаптар бұл нәтижені қайталап бере алмаған, балықты қолдан сусып кете берген.

Талқылау