Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хиллари Клинтон Джон Маккейнмен бәстесіп арақ ішкенін айтты

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы, экс-мемлекеттік хатшысы және демократ Хиллари Клинтон республикалық  партия мүшесі сенатор Джон Маккейнмен арақ ішуден жарысқанын айтты.

4475c74a8acb5f1a7a1ea0dd3072943d

 

Президенттік лауазым үшін таласып жатқан саясаткер мұны журналист сұрағына жауап бергенде мойындады. Экс-мемлекеттік хатшының сөзіне қарағанда, “турнир” екеуі де бас тартқанға дейін жалғасқан. “Меніңше, сол кезде әрқайсымыз өзіміздің шегімізге жеттік”, – деді Клинтон.

Соңғы айларда Клинтон, қоғамдық пікірді білу үшін жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша, демократтар арасындағы президенттік сайлау науқанының фавориті.

Жаңа мемлекет басшысының есімі жалпы сайлау қорытындысы бойынша белгілі болады. Ол ағымдағы жылдың 8 қарашасында өтеді.

Талқылау