Хиджаб киген әйелдердің өзі мысқылдап, намысыма тиді: Ақбота-Нұр желідегі жағымсыз пікірлер жайлы

Жуырда қалыңдық көйлегін киіп, желіге сурет салған Ақбота Сейітмағамбеттің басы дауға қалды. Актриса түсірілім алаңындағы фотосын инстаграм парақшасына жүктеген. Алайда, оқырмандары таяуда ғана тұрмысқа шыққан әншіге ар-намысына тиетін сөздерді жазыпты. Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісіне сұхбат берген Дәурен мен Ақбота хэйтерлердің құйтырқы әрекетін дүйім жұрттан жасырып қалған жоқ.

Хиджаб киген әйелдердің өзі мысқылдап, намысыма тиді: Ақбота Сейітмағамбет желідегі жағымсыз пікірлер жайлы

«800 мың оқырманның арасында ары кетсе 2 мың адам жағымсыз пікір жазады. «Қайта қосылдың ба? Бір рет таяқ жеріңе қайтадан басыңды ұрып жатырсың ба?» – деген сияқты. Осы жақында ғана инстаграм желісіне той көйлегіммен түскен суретімді салған болатынмын. Сол суреттің астына тұрмыстағы әйелдер, хиджаб киіп алған әйелдер: «Сен той көйлегін төрт кинода кидім дейсің, өзің өміріңде де киіп қалмаш» – деп мысқылдап жазған әйелдер бар. Шамалы енді ондай сөздер намысқа тиеді», – дейді Ақбота.

Ақбота желідегілермен күресудің жолын қарастырғанымен, нәтиже шықпаған. Сейітмағамбеттің аяғы ауыр кезінде де оқырмандары тыныштық бермеген көрінеді.

«Жүкті кезімде мойындаймын қатты қиын болды. Өйткені отбасылық жағдайымыз да түсініксіз болды. Шамалы кикілжіңдер болды. Жаман пікірлер жазатындар да көп болды. Сен сөйттің, бүйттің, сен жаман әйелсің деген сияқты. Сол кезде қиынырақ болды. Мойындаймын бес ай бойы ауруханада жаттым. Қиналдым, жыладым. Өз-өзімді тастап жібердім. Күйзелістің кесірінен 45 килограм ғана болдым. Тоғыз ай бойы толған да жоқпын. Ішімде шыққан жоқ. Қалай менде барлығы жақсы болып, орнына келді, бірден 65 келіге көтерілдім», – дейді Сейітмағамбет.

Ақбота Сейітмағамбет

Ақботаның айтуынша, оның жағымыз пікірлерге еті әлдеқашан үйренген. Бұрындары жүйкесіне тигендерге желі арқылы жауап жазып, тіпті соттасуға дейін әрекет жасағанын да жасырмады. Қазір «ит үреді, керуен көшедінің» күйін кешіп жүр.

«Қаншалықты менің намысыма, жүйкеме тисе де олардың дәрежесіне түскім келмейді. Жаза берсін. Керісінше олар мені қанаттануыма, алға қарай жұмыс істеуіме себепкер болады. Олардың жазған жаман пікірлеріне менің қанатым сынбайды. Қазіргі уақытта етім үйреніп кетті. Негізі сондай жаман пікірлер де керек екен. Алға қарай ұмтылу үшін, жұмыс істеу үшін», – дейді Сейітмағамбет.

Мұндай жайттан Дәурен де хабардар екен.Әлеуметтік желіде Айдарқұловтың жеке басына тіл тигізетін оқырмандары да жетіп артылады. «Халық арасында танымалдылықтың артуына, жеке өміріміздің қызу талқыға түсуі түрткі болды» – дейді актер.

«Негізі бір байқағаным, біздің халық кәдімгідей қатты айтады екен. Біздің жұмысымыз кинода, теледидардан көрсететін болғаннан кейін, халыққа танымал боламыз. Бірақ халық мені танығанын ұнатпаймын. Мынау Дәурен мен Ақбота екен ғой, суретке түсейік деген нәрсені ұнатпаймын. Бірақ жұмысымыз болғаннан кейін, осындай жағдайға тап болдық. Халық небір нәрселерді айтты. Қазір кішкене пікірлері өзгерген сияқты. Сол себепті бұл өмірде ештеңе де тұрақты емес», – дейді Айдарқұлов.

Айта кетейік, бүгінде Дәурен мен Ақбота бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатыр. Жақында ғана заңды түрде некесін қидырған олар, қайта қосылуының себебін Stan.kz ақпараттық агентігінің тілшісіне баяндап берген еді.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
16.07.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар