Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында хиджаб киген әйел спорт алаңында жасөспірімді ұрып тастады (видео)

Қостанай облысында скейт-саябақтың себебінен тағы да дау туды.  Әйел өзінің баласын аңдаусызда қағып кеткен жасөспірімді ұрып тастады, деп хабарлайды Stan.kz.

Хиджаб киген әйел спорт алаңында жасөспірімді ұрып тастады (видео)

Рудныйдағы спорт алаңы бірнеше жыл бұрын демеушілердің қаражатының есебінен ашылған. Алайда жастардың қуанышы ұзаққа созылмады. Таяуда экстрим-саяқбақта жанжал орын алды.

Желіде тарап кеткен видео кадрларынан  байқалғандай, жас келіншек жасөспірімдердің біріне ұрысып, мұнан кейін оны бірнеше рет ұрып жібереді.

31 арнаның хабарлауынша, жәбірленген баланың анасы полицияға шағымданған. Анықталғандай, ол велосипедпен трюк жасап жүрген кезде, аңдаусызда 24 жастағы келіншектің баласын қағып кеткен. Өз кезегінде ашуланған ана оған ұрысып, ұрып жіберген.

 

Ендігі әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау