Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық ғарыш стансасы экипажының үш мүшесі Жерге оралды

Бүгін таңертең Қазақстанға ХҒС экипажының үш мүшесі отырған «Союз ТМА-20М» ғарыш кемесінің аппараты  келіп қонды.

20160907081922

Бұл туралы Ресейдің Ұшуларды басқару орталығы жария етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Аппарат қонған жерге экипаж мүшелерін капсуладан эвакуациялайтын іздеу-құтқару отряды аттандырылды. Жерге америкалық Джеффри Уильямс, ресейлік Алексей Овчинин мен Олег Скрипочка оралды.

Келесі ғарыш кемесі барғанша ХҒС-да ғарышкерлер: жапондық Такуя Ониси, америкалық Кэтлин Рубинс және ресейлік Анатолий Иванишин кезекшілік етеді.

Талқылау