Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ханзада Джордж қарапайым балабақшаға барады

Кембридждік герцог пен герцогиня балалары ханзада Джордж ханшайым Шарлоттамен бірге Лондонның орталығындағы ресми резиденциясы – Кенсингтон сарайының бағында түскен жаңа ресми фотосуретін жариялады.

20151219114939

Олар сондай-ақ қаңтар айында ұлын резиденциясына жақын орналасқан Анмер-Холдағы «Уэстэйкр» балабақшасына беретінін хабарлады.

Джордж – британдық корольдік отбасының тарихында ерте жастан бастап қарапайым балабақшаға баратын бірінші ханзада. Оның ата-анасы өз балаларына жақсы өмір қамтамасыз ету ниеті туралы талай рет айтқан болатын.

2fa88d58a72f956a71ff5431ff40d7e5

«Уэстэйкр» балабақшасының өкілі балалар мекемесінде басқа балалармен тең құқықта тәрбиеленетін ханзаданы тағатсыздана күтіп отырғанын айтты.

Олай болғанымен, ханзада Джордж үшін балабақшада күзет пен қауіпсіздік шаралары күшейтіледі.

141214101624_uk_prince_george_cambridge_624x351_getty

 

 

Талқылау