Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ханымдар “бір сағаттық” джентльмендердің көмегіне жүгіне алатын болды (фото)

“Үйлену тойына бірге баратын жағымды ер адам іздеймін” деп айту ерсі естіледі. Бірақ, дәл осы сөзді қазір әрбір екінші қыздың жанарынан оңай оқуға болады. Әрине, бірге серік болатын дос табылады. Бірақ, бұл тәсіл үнемі құтқара бермеуі мүмкін.

721

Бұл туралы bigpicture.ru сайты хабарлайды.

Дәл осы кезде көмекке “Джентльменді жалда” жобасы көмекке келеді. Жоба арқылы сағатына 200 долларға сіздің қасыңызда бірге жүріп кез-келген деңгейдегі іс-шараға еріп бара алатын кәсіби маман беріледі.

189

“Біз нарықта жоқ қызмет түрін ұсынып отырмыз. Ол жәй ғана қасыңызда қарауыл болып жүрмейді, олар сымбатты әрі тартымды”, – дейді стартаптың креативті директоры.

246

Компанияның негізін үш жыл бұрын кәсіпкер Сара Шихман қалаған. Ондағы белгіленген арнаулы джентльмендер әйелдерге ешқандай интимдік көзқарас танытпай, классикалық тұрғыда кез-келген іс-шараға бірге барып көңіл көтеріп қайта алады.

1017

Олардың барлығы білімді, көзі ашық түр-сымбаты келіскен жігіттер. Қазір қызмет көрсетуші жігіттер саны – 150. Олардың әрқайсысы әлемнің әр мемлекетінен жүздеген үміткерлер арасынан мұқият тексеріліп, таңдап алынған.

1123

Rent A Gent джентльмендерінің барлығында бұдан өзге негізгі жұмыстары бар. Әйелдермен кездесулерге баратын еркектердің арасында дәрігер де, жазушы да, актер де, режиссер де болып қалуы мүмкін.

341

Үміткерлер үнемі компанияға өздері хабарласпайды. Ұйымдастырушылар кез-келген жерде көріп қалған жігітпен тікелей байланысқа шыға алады.

430

Ханымдар ешқашан өзінің “сүйіктісінің” тәртібіне алаңдамай, барған тойдан, концерттен немесе кешкі кездесуден ләззат ала алады. Ол джентльменнің ән айту, би билеу таланттарын пайдаланып өзінің достарын тәнті ете алады.

524

Тиісінше барлық жігіттер де актерлік қабілет болады. Кездесуге барған жігіттерден өтірік күлкі ешқашан аңғара алмайсыз. Барлығы шынайы.

626

Бір сағатқа төленетін 200 доллардың тең жартысын компания жігітке төлейді. Егер, ханымдардың өздері одан бөлек ақша қыстырса да, ол жігіттің өз қалтасына түсе береді.

819

Кездесу барысында жігіт ең асып кетті дегенде әйелге қолын беріп, сосын қоштасар сәтте тек құшақтай алады. Ал қалған әрекеттерге Rent A Gent фирмасының шарттарына сәйкес тыйым салынған.

917

Талқылау