Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ханшайым мен ханзада: Бір көзінен айырылған Римма Асқарованың емі үшін ерекше кеш ұйымдастырылды (фото, видео)

11 жасында отшашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқароваға қаншама ота жасалғанымен, нәтижесіз болған. Бүгінде Израильде тағы бір ота жасатуға дайындалып жатқан қызға 16 миллион қаржы жетіспеген еді. Өз кезегінде оның жағдайына бей-жай қарай алмаған жандар ерекше қайырымдылық кешін ұйымдастырып, қажетті ақшаны жинап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Римма Асқарова

Римманың еміне ақша жинау үшін, желі белсендісі Айдын Тоқсанбаева «Ханшайым мен ханзада» аталатын қайырымдылық кешін той сияқты етіп ұйымдастырған. Кеш шарты бойынша келушілердің барлығы ұлттық нақыштағы киім киіп келуі тиіс.

Кештің билеті 3 мың теңгеге бағаланған. Оның 2 мың теңгесі Римманың еміне жіберіледі екен.

Ханшайым мен ханзада: Бір көзінен айырылған Римма Асқарованың емі үшін ерекше кеш ұйымдастырылды (фото, видео)

Қайырымдылық кешінің нәтижесінде Римманың емінң қажет 16 миллион теңге толықтай жиналды.

 

Өз кезегінде Римма көпшілікке алғыс білдіріп, жантебірентерлік өлеңін оқып берді.

 

 

Аллаға сансыз шукір🙏🏻 Жүрегі Мейірімге Қайырымды ҚАЗАҚ ЕЛІ сіздерге раxмеееет.Сіздердің арқаларыңызда мінекей менің еміме қажет 16 миллион қаражат жиналды Алла разы болсын🙏🏻 РАХМЕЕЕТ Сонымен қатар @janym_baklajanym Айдын жанымсол сізгеде УЛКЕЕН РАХМЕЕТ,Алла разы болсын ,шексіз алғысымды іспен немесе сөзбен ,айтып жеткізе алмаспын❤️ Және жанымда кун -тун демей журген алтын жандар сіздергеде алғысым шексіз раxмееееет Алла разы болсын🙏🏻❤️

Публикация от Асқарова Римма Оралбекқызы (@rimmaskarova)

Естеріңізге сала кетсек, небәрі 11 жасында от шашудың кесірінен бір көзінен айырылған Римма Асқарованың тағдыры барша қазақстандықтарды алаңдатқан еді. Римманың оқиғасы жайлы жұрт желі белсенділерінің арқасында білді. Содан бастап қайырымды жандар бойжеткеннің еміне ақша аударып келеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау