Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген автокөлік Шымкенттен табылды

2016 жылдың 8 сәуірі күні Сайрам аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші бөліміне аудандағы сауда нүктелерінің біріне белгісіз тұлға автокөліктің қосалқы бөлшектерін өткізгені туралы хабарлама түсті.

Безымянный

Бұлт туралы BNews.kz хабарлайды.

Оқиға орнына жедел жеткен ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі өкілдерінен құралған жедел-іздестіру тобы 1979 жылы туылған жергілікті тұрғынды күдікті ретінде ұстады.

Тексеру жұмыстары кезінде, тәртіп сақшылары күдіктінің үйінің ауласынан құжаттары және мемлекеттік нөмірі жоқ, бөлшектелген «КИА РИО» маркалы автокөлігін табады.

Автокөліктің сәйкестендіру нөмірін ҚР ІІМ-нің базасынан тексергенде 2015 жылы Ресей Федерациясының Самара облысынан ұрланып, содан бері халықаралық іздеуде жүрген «КИА РИО» маркалы көлік екені анықталды.

Автокөлік ақылы айыптұраққа қойылды. Қазір осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып берді. Қазіргі таңда күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Талқылау