Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Қазақстан құрамасын екі Олимпиада жолдамасынан айырды

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) Қазақстанның 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысудың екі квотасын қайтарып алды.

енен

Сурет unikaz.asia

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Мұндай шешім Тбилисиде өткен IWF атқару кеңесінде қабылданған.

Олимпиадаға іріктеу кезіндегі допинг сынамалардың бірнеше оң нәтижелеріне байланысты ерлер және әйелдер командасының әрқайсысынан бір квотадан алынып тасталды.

Сондай-ақ, IWF Әзербайжан, Ресей, КХДР, Молдова командаларын екі Олимпиада жолдамасынан айырды. Белорусь, Румыния мен Өзбекстаннан бір жолдамадан кері қайтарылды.

Талқылау