Халық қаһарманы Қайрат Үмбетов марапат алғаннан кейінгі әсерімен бөлісті

Сенбі, 7 Мамыр , 2016 20:02

“Халық қаһарманы” атағын алған полковник Қайрат Үмбетов бұл марапаты жалғыз өзінің емес, барша Ұлттық гвардияға тиесілі марапат деп айтты.

аскер

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Елбасының қолынан “Халық қаһарманы” атағын алған полковник Қайрат Үмбетов Станиславский атындағы орыс драма театры сахнасында өткен мерекелік шара кезінде, өз әсерімен бөлісті.

“Көп адам менен осындай үлкен атақты алғаннан кейін қандай сезімді бастан кешіргенімді сұрап жатыр. Біріншіден, бұл маған өмірге жолдама берген Ұлттық гвардияның арқасы. Бұл біздің бригаданың, біздің аймақтық команданың, Қазақстан Республикасы Ұлттық гвардияның барша құрамының марапаты”, – деді Қайрат Үмбетов

“Офицер мен әскердің тағдырын секундтар ғана шешіп кетті. Өмір немесе өлім? Мен өзімнің қызметтестерімді шын жүректен құттықтаймын. Жас бойынша ол менің немерем секілді. Бұл бейбіт күндегі нағыз ерлік”, – деді 92 жастағы екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы, отставкадағы полковник Николай Пастухов.

аскерт

Өз кезегінде генерал-майор, “Орталық” аймақтық қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы рсайын Рустемханов та Қайрат Үмбетовтың ерлігіне қатысты ақжарма пікірімен бөлісті.

“Бұл офицерлер үшін нағыз үлгі. Офицердің бұл ерлігі – бұл нағыз патриоттық қадам. Бұл адамдар отанды қасық қаны қалғанша қорғауға дайын екені сөзсіз. Тиісінше әрбір офицер жауынгердің өміріне жауапты, әрі оны қорғау қажет екендігін беске біледі”, – дейді Ерсайын Рүстемханов.

20160507182409

Еске сала кетсек, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жыл 3 мамырдағы №244 жарлығымен әскери және азаматтық міндетін атқару барысында ерен ерлікке барып, қайсарлық көрсеткені үшін полковник Қайрат Үмбетов Алтын жұлдыз және “Отан” ордендерімен бірге “Халық қаһарманы” атағын иеленген болатын.

Сәуір айының бас кезінде оқу-жаттығу жиыны кезінде № 6505 әскери бөлімінде борышын өтеп жүрген Абзал Сұлтанқұлов гранатаны байқамай өте жақын қашықтыққа лақтырады. Қауіпті әскери жарылғыш зат жерге түскен бойда іске қосылған. Осы сәтте полковник Қайрат Үмбетов дереу жүігіріп барып сарбазды денесімен қалқалап, жас сарбаздың өмірін құтқарып қала алған.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар