Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Халық 16 жастан бастап түсік жасатуға қарсылық танытса, министрлік бұл ұсыныстан бас тартады

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 16 жастан бастап жасөспірім қыздарға өздігінен түсік жасатуға рұқсат беру туралы пікір айтты, деп хабарлайды КТК.

Халық 16 жастан бастап түсік жасатуға қарсылық танытса, министрлік бұл ұсыныстан бас тартады

Бұған дейін 16 жасқа толған қыздардың ата-анасының рұқсатынсыз түсік жасатуға мүмкіндік беру туралы мәселе қоғамда дау туғызды.

Министрлік тарапынан айтылған бұл ұсынысқа қоғамдағы бір топ қарсылығын білдіріп жатты.

“Жасөспірім қыздар ерте бастан жүкті болып, сол үшін өзіне қол жұмсауға барады. Суицидке жеткізбеу үшін өздігінен түсік жасатуға рұқсат беру керек. Қазіргі заң бойынша қыз балалар ата-анасының рұқсатымен ғана түсік жасата алады. Бірақ көп жеткіншектер мұндай қадамға бармайды. Сондықтан ата-анасының рұқсатын алып тастау керек. Егер халық бұл ұсынысқа бірауыздан қарсы шықса, ұсынысты қабылдамауымыз да мүмкін”, – деді министр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау