Хакерлер Орынбор үкіметінің сайтын бұзып, Қазақстан туралы жалған ақпарат жариялаған

Сенбі, 21 Мамыр , 2016 16:20

Белгісіз біреулер Орынбор облысы үкіметінің сайтын бұзып, губернатор Юрия Берганың атынан Қазақстанмен шекаралас ауданда террорлық әрекет болуы мүмкін екендігі жайлы ақпарат жария еткен.

0fad5ac638cda438bca46dff5ef30909

Сурет securitylab.ru

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Хакерлер жазған мәтін сайтта жұма күні шыққан.

“Облыс үкіметінің сайты бұзылды. Онда жазылғандардың ешқайсысы шындықпен жанаспайды. Үкімет пен губернатор әдеттегі режимде жұмыс жасауда”, – деді ресми өкіл.

Ондағы мәтінде Бергтің шұғыл жиналыс ашып, Қазақстанның солтүстік аумағындағы трагедиялық жағдайды талқылағаны айтылған. Сондай-ақ, хакерлер онда тұрғындардың үйден құжатсыз шықпауы қажеттігі, күдікті зат тауып алса дереу полицияға хабар беру керектігін де айтқан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар