Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хакерлер алғаш рет Apple компьютерлерін ақша бопсалаушы вирустармен зақымдады

4 наурыз күні пайда болған KeRanger вирусы Mac компьютерлерін жарақаттай алуға қауқарлы болып шыққан. Аталмыш вирус бірқатар Apple компьютерлерін бұғаттап тастап қайта ашылуы үшін ақша талап еткен.

208cd41509211f3b5b2d741e88569ec05cc50130

Сурет russian.rt.com

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Бұл вирус ең бір жылдам таралатын кибер-қауіпті вирус түріне жатады. Компьютерге кірген ол вирус ондағы барлық мәліметтерді қол жетімсіз етіп тастайды. Ал пайдаланушы мәліметтерді қайтаруға мүмкіндік беретін электронды кілтті алу үшін цифрлік валютамен төлем жасауға мәжбүр.

Сарапшылардың айтуынша, аталған вирустарға төленетін жыл сайынға ақша жүздеген миллион долларға жетеді екен. Ертеректе, хакерлер Microsoft Windows операциялық жүйесіне де шабуыл жасаған болатын.

Apple өкілі вирус орнатылуына мүмкіндік беретін бағдарламалық өнімнің цифрлік сертификатын қайтарып алғанын хабарлады. Компанияның арнайы өкілі Олсонның айтуынша қауіпті бағдарлама мәліметтерді бағдарламаларды орнату аяқталғаннан үш күннен кейін бұғаттай алады.

Қазіргі уақықтта зақымдаушы бағдарлама сайттан өшіріліп тасталған.

Талқылау