Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедовтің отбасында қайғылы жайт орын алды

Әйгілі спортшы Хабиб Нұрмағамедовтің отбасы қара жамылды. Спортшының атасы бақиға аттанды.

Спортшының атасы Магомед Нұрмағамедов қаза болды. Бұған дейін спортшы атасымен жиі суретке түсіп, желіге жүктеп келді.

Екі ай бұрын Конор МакГрегормен жекпе -жек өткізіп, жеңіске жеткен Хабиб атасы Магомед Нұрмағамедовпен бірге түскен суретін жариялаған еді. Чемпион белбеулерін атасының мойнына асып қойған.

“Бұл менің ең бақытты сәтім”, – деп жазды Хабиб жазбасында.

Одан бір ай бұрын атасының Құран оқып отырған сәтін суретке түсіріп жариялаған еді. Спортшы баршаға амандық тілеп, ақ тілегін жазды.

Хабиб Нұрмағамедовтің отбасында қайғылы жайт орын алды

Көпшілік қазаға қайырлы болсын айтып, қолдау білдірді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау