Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедов: Мен әкеме қарағанда анамды қатты жақсы көрем

Орта салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов Конор Макгрегормен айқасы кезіндегі қолдаушыларына алғыс айтты.

“Алдымен жанкүйерлерімен алғысымды айтам. Мен үлкен қолдауды сездім. Барлық камера мені түсіріп тұрды. Миллиондаған адамның менің жеңісімді қалағанын ұқтым. Бұл мені қайрай түсті. “Қазір тор жабылады. Мен аяғына дейін күресем” дедім іштей”, – дейді Хабиб Бірінші арнаға берген сұхбатында.

Айтуынша, ол айқайпай тұрып-ақ қарсыласын жеңетінін білген.

“Ішке кіргенімде қарсыласымның сынық жүзін көрдім. Ол сынуға дайын тұрды. Бұл өзіне сенімді жанның сөзі секілді естілетін шығар. Бірақ мен оны осылай көрдім. Киім ауыстыру бөлмесінде бауырыма мастерканы шеш дедім. Ол зал суық деді. Мен “Құры тұрған адамға ғана суық болады” дедім”, – дейді спортшы.
Спортшы отбасында анасын қатты жақсы көретінін айтты.
“Үнемі әкелердің есімі аталады. Бірақ мен әкеме қарағанда анамды қатты жақсы көрем, Бірақ мұны әкеме айтпаңыздар”, – дейді Нұрмағамедов.
Айта кетейік, 7 қазан күні Хабиб Нұрмағамедов UFC-дің чемпион атағын қорғап, Конор Макгрегорды жеңген еді
Талқылау