Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабар-ошарсыз үйден шығып кеткен екі қызды Алматы облысында 3 тәулік бойы іздеді

 Бойжеткен қыздар Текелі және Көксу аудандарынан табылған.

8906151

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Үйлерінен шығып хабарсыз кеткен екі қызды мамандар үш күн бойы Алматы облысы аумағында іздеді, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
14 қаңтар күні Ескелді аудандық полиция бөлімшесіне Шымыр ауылының тұрғындары 15 жасар екі қыздың жоғалғаны жайлы хабар түсіреді. Ата-аналары бір жарым тәулік бойы тынбай іздегенімен, ешқандай нәтиже шықпаған.
“Іздеу шараларына жергілікті мектептің ұстаздары мен ауылдық әкімшіліктің қызметкерлері де атсалысқан. Тиісінше, дабыл қағылып аудандық полиция толық құраммен іздеуге кіріскен. Ақыры, жоғалған қыздардың ізі Талдықорған жақын маңдағы Текелі және Көксу аудандарынан байқалған”, – делінген хабарламада.

Кәмілеттік жасқа толмаған екі қыз қазір полицейлер көмегімен табылып, ата-аналарына қайтарылды. Қазіргі таңда табылған екі бойжеткенді арнайы психологиялық бақылаудан өткізу қарастырылуда.

Талқылау