Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Хабар” арнасының журналисі қатерлі дертке шалдықты

Қазақстандық журналист, спорт комментаторы Галина Полевая ауыр жағдайда. Отбасы оның емі үшін ақша жинап, қолдау көрсетуді сұрайды.

Галина Полевая

Бұл жайлы спортшының қызы желідегі парақшасында жазды.

«Менің атым Анастасия, спорт журналисі Галина Полеваяның қызымын. Қазір анам өте ауыр жағдайда. Көп уақыт оның дертін жасырып келдік. Бәрін өзі жеңіп шығады деп сендік. 2017 жыл біздің отбасымыз үшін ауыр болды.

Өмірдегі ең қымбат жан анамның жағдайы ауыр. Оған бірнеше миолома (қанның қатерлі ісігі) диагнозын қойды», – дейді қызы.

Анастасия анасының дертінен айығып кетуі үшін шетелді емделу керек екенін, оға қомақты қаражат керек екенін айтты.

«Анам – ең жақын досым, бәрін айтуға болатын, ешқашан сөкпейтін, мені бар қалпымда қабылдайтын адам. Оның өмір сүргенін, қуанғанын, отбасыммен бірге болғанын қалаймын. Оның өмір сүргісі келетінін білем. Анам Хабар арнасында 20 жыл спорт комментаторы болды. 15 жыл тікелей эфирде жұмыс істеп, сіздерді спорт жаңалықтарынан хабардар етті. Қазір анам мен барлық отбасы мүшелеріміз жер бетіндегі барлық жаннан көмек сұраймыз. Анамның еміне, ота жасауына қаражат жинауға көмектесіңіздерші. Анам өмір бойы күресуге дайын. Қолдауларыңыз бен көмектеріңіз үшін алғыс айтам», – дейді ол.

Қызы анасының қай кезден бастап ауырғанын толық баяндап берді. Айтуынша, анасы алғаш 2017 жылы ауруханаға түсіп, ота жасатқан. Содан бастап жағдайы оңалмай келеді.

Галина Полевая

«2017 жылы анам ауыр жағдайда аурухана түсіп, ота арқылы омыртқа жағынан жара алғызды. Бір айдан соң республикалық онкологияда емдеді. Әлі күнге дейін химиялық терапия алады. Жаз айында дертінің асқынғанын айтты. Мен шетелдік дәрігерлерден сұрағанымда анамның сүйек тінін ауыстыру керек екенін айтты. Ал, Қазақстанда сүйек тінін 50 жасқа дейін ғана жасайды. Анам 60 жаста.

Корей елінде бұл отаны оңай жасайтынын білем. Сол елге барғымыз келеді.

Анамның омыртқасына ота жасалу керек, сүйек тінін ауыстырып, химиятерапияның жаңа түрін алу керек. Жол жүрудің өзі анамның ағзасына оңай тимейді. Бұл да тәуекелділікті қажет етеді. Ем үшін 286 350 доллар керек. Біз туыстаымыз бен достарымыздан ақша жинадық. Енді көпшіліктен үміт күтеміз.

Отбасымыз сіздердің кез келген қаржылай көмектеріңіз үшін алғыс айтады. Ақпаратты бөлісулеріңізді сұраймын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Талқылау