Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

KFC қуырылған тауықтың дәмі бар тырнақ бояуларын шығарды

KFC жедел тамақтану желісі тырнақ бояуына арналған топтаманы көпшілікке ұсынды. Мұндай ерекше қадам бьюти-индустриядағы маркетингтік жүріс ретінде жасалып отыр. Осы арқылы компания Гонконгтегі саудасын өрістетпек.

cfd523c34c41ee7958f6a3944f60cb98__1920x

Бұл туралы life.ru хабарлайды.

Топтамаға бар болғаны екі бояу кірген. Олардың түсі барынша KFC мәзіріне ұқсас етіп жасалған. Original ақшыл сары түсі – тауықтың дәстүрлі дәмдеуіш түріне ұқсастырылса, ал Hot & Spicy сарғылт түсі ащы дәмді тауық қанаттарының дәмін береді.

53d20525d85000de9b7ba177d9b386a9__980x

Жағып сосын кеуіп кеткеннен кейін бояудан тек тауықтың иісі ғана емес, ерекше иістер де шығады. Бір қызығы, бұл бояу түрлері тек Гонконгте ғана сатылады.

Талқылау