Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кезінде атағы жер жарған, бүгінде иесіз қалған елестер қаласы (фото)

Колманскоп Намибияның оңтүстігінде жазық далада орналасқан. Бірақ, бұл жерде 100 жыл бұрын тіршілігі қайнаған қала болған десе ешкім сенбес еді.

6666

Бұл туралы Моя Планета хабарлайды.

64

Колманскоптың басынан дәурен көшетін сәт 1908 жылдан басталды. Ол кезде Закариас Левал есімді жұмысшы жерден неше түрлі уақ тастарды жинап алып, оны темір жол басшысының қолына ұстатады. Закариас сол кезде осы әрекеті алмаз дүрлікпесінің бастауы екенін ұғына қойған жоқ.

144

654

6666

Бұл өлкеде алмаздың бар екені өзге жұртқа кең таралды. Тез арада жазық далаға алмазтасымалдаушы ірі орталықтар келді. 1914 жылы бұл аумақтан 1000 келіге татитын 5 миллион карат әкетілді.

7474

9797

12333

42424

Жеңіл табыс көзіне үміттенген адамдар Колмонскопқа әлемнің әр түкпірінен келіп жатты. Бұл жерде көптеген неміс стиліндегі үйлер тұрғызылып, инфрақұрылым дамыды. Тіпті қаладағы Африкада жоқ ренгтген аппараты да орнатылды. Бұл медициналық мақсатта емес, жұмысшылардың ұрлығын әшкерелеу үшін әкеліп қойылды. Барлық соңғы үлгідегі керек-жарақтар әкелініп, “алмаз жұмағын” еншілеу басталып кетті.

212121

241524

353535

Алайда таусылмайтындай көрінген қордың да түбі көрініп, сонымен бірге ол өлкедегі тіршілік те өз мәресіне жетеді. Бұл 1954 жыл болатын. Осы жылы қаладан барлық адамдар кетіп қалған.

987987

666665555 21212111111

 

Қазір Колмонскоп – аспан астындағы музей іспетті. Онда әлемнің түкпір-түкпірінен фотографтар мен туристер барып тұрады. Кейбір үйлерде сол дәуірдің безендірулері әлі сақталған.

Талқылау