Анасы кездейсоқ түсірілген суреттің көмегімен ұлының қатерлі ісікке шалдыққанын анықтаған
Сәбидің анасы ерекше жайтты уақытында байқап, дер кезінде дабыл қақты. Соның арқасында бірнеше жылдан кейін бала қатерлі ісіктен толығымен айықты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға АҚШ-тың Атланта қаласында болған. Кішкентай Ашердің анасының айтуынша, ол туған кезде, сәбиін жиі суретке түсірген, бірақ түсірілім кезінде ешқашан телефон жарқылын қолданбаған. Осы ерекше жағдай бала 4 айлық болғанда анықталды. Телефондағы суреттерді айналдыра отырып, әйел ұлының көздері жарқылға күтпегендей әсер еткенін байқайды: егер бір көзінің қарашығы телефон жарқылымен суретке түсіру кезінде жиі болатын қызыл түске боялса, ал екіншісі керісінше күңгірт ақ болған көрінеді.
Тағы бірнеше кадрларды түсіргеннен кейін, ол осындай әсер басқа кадрларда да көрінетініне көзі жетті.
Әйел баласының көзінде қатерлік ісік пайда болуы мүмкін деген тоқтамға келеді. Бұны анықтауға оның медициналық көмек курсын аяқтауы септігін тигізіпті. Мамандар анасы күдіктенген диагнозды растаған: сәбидің ретинобластома немесе торлы қабықтың қатерлі ісігіне шалдыққан анықтайды.
Генетикалық ауру бала кезінен эмбрионалды тіннен дамиды. Бұл өте сирек кездесетін дерт. Америка Құрама Штаттарында жыл сайын 300-ге жуық балаға осындай диагноз қойылады, бірақ сонымен қатар бұл қатарда балалардағы ең көп таралған көз қатерлі ісігі түрі. Емдеу дер кезінде болмаған жағдайда аяғы өкінішпен аяқталуы мүмкін.
Барлық жағдайлар бес жасқа дейін анықталады, бірақ аурудың ерте сатысында оны анықтау қиынға түседі. Өйткені нәресте әлі екі көзбен көрмейтінін және әдеттегі жарық кезінде көздің өзі қалыпты болып көрінетінін түсіндіре алмайды.
Кішкентай Ашердің жасы қазір жетіде және онкологиялық аурудан мүлдем арылған. Оң көзінің көру қабілетінің төмендеуіне қарамастан, ол толыққанды өмір сүреді.