Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кез келген ертегіге сенгісі келіп тұратын саяхатшылар жиі баратын ойдан шығарылған орындар (фото)

Егерде сіз әлемді шарлап, тарихи орындарды өз көзіңізбен көруді армандап, саяхатқа шығатын болсаңыз қазір біз айтатын орындарды таңдаудан аулақ болыңыз. Бұл орындарға арнайы келетін әлем саяхатшыларының саны көп болғанымен, ол жер туралы айтылатын аңыздардың дені шындыққа жанаспайды. Бұлардың кейбірі  танымалдықтың арқасында, пайда табу үшін ойдан құрастырылған болса, тағы бірі  тарихты бұрмалау мақсатында жасалған.

сур17

Бұл туралы Daily Mail басылымы жазған.

Швейцария «Пиц Глория»

сур16

Джеймс Бондттың  фильмдерін сүйіп көретін көрермендері  «Пиц Глория» мейрамханасынан қараған кездегі көз тартарлық әдемі жерді естерінде сақтап қалған болуы керек.  Бұл орын 1969 жылы түсірілген «На секретной службе Ее Величества» фильмінде көрсетілген еді.

сур15

Ол кезде бұл мейрамхана әлі салынып жатқан болатын. Фильмді осы жерде түсіруді көздеген  продюсер Хуберт Фрелих құрлыстың бітуіне өз компаниясынан қаржы бөлген. Ол жер киностудиамен жасалған келісім шарт бойынша түсірілімге дайындалған.

АҚШ, Ұйқыдағы  ойпат

 сур14

Нью-Йорк қаласындағы бұл орын 1800-ші жылдары  Солтүстік Тарритаун атымен белгілі болған. Кейіннен бұл жердің атауы  Вашингтон  Ирвинганың новелласы бойынша тиімді деп саналып, өзгертілді.

 сур13

Кейіннен 1999 жылғы Джонни Депп түскен «Ұйқыдағы ойпат» фильмі арқылы бұл жер әлемге таныла бастады.

Қытай  Шангри-Ла

сур12

1933 жылғы  фантаст жазушы Джеймс Хилтонның «Жоғалған көкжиек» романына орай   Шангри-Ла деп аталған ойдан құрастырылған елге қатысты талас көп. Алайда  қытайдың Чжундянь қаласының атын ресми түрде 2001 жылы ғана  Шангри-Ла деп өзгерткен.

сур11

Бұрынғы  Чжундянь қаласының расымен де Шангри-Ла  ма, әлде ол өтірік пе белгісіз, бірақ бұл аймақтың табиғаты көз тартарлықтай сұлу. Мұндағы қалың орман мен басынан ақ қары кетпейтін әдемі таудан бөлек мұнда тибеттік шіркеулердің санында есеп жоқ.

Тайланд, Квай өзенінен өтуге арналған көпір.

 сур10

Квай өзенінің келесі бетіне өтетін көпір негізінен болмаған.

Сондықтан Мае Клонг өзенінің  бір бөлігіне  Кхвэяй деген атау берілген. Бұл да танымал ромнадағыдай болумақсатында жасалған. Суретте  біздің заманымыздағы  Квай өзенінен өтетін көпір.

сур9

Пьера Буляның «Квай өзеніндегі көпір» романы желісі бойынша түсірілген фильм  1957 жылы  Алек Гиннесстің басты рольді сомдауымен әлем халқына жақсы тарады. Мае Клонг өзенінің атауы осы фильм көрермен көңілінен шыққаннан кейін өзгертілген.

Гремания  Бақылаудан өткізетін орын  «Чарли»

сур8

Негізінен бақылаудан өткізу орны «Чарлиге» 1990 жылы Германия біріккен тұста  демонтаж жасалған. Содан бері мұражайға  өткізілген. Суретте   бекеттің қайта жасалған түрі. Бұл жерді әлем саяхатшылары көру үшін арнайы келіп жатады.

сур7

«Чарли» тексеру бекеті сонау соғыс жылдарында  шығыс Германия мен Батыс Германияның ортасындағы кедендік тексеру орны болған. Бұл жерде  кеңестік және америкалық әскерилер екі бөлініп өз қызметтерін атқарған.

Ұлыбритания, Бейкер-стрит бойындағы 221 «б» үй.

сур6

Көпшілік Шерлок Холмс  ойдан шығарылған кейіпкер екенін білгенімен, сол бір ізкесушіге арналған мұражайға келушілер қатары күн санап көбеймесе, толастар емес.

сур5

Кеңсенің қабырғасында «221 б» деген жазуы бар тақташа ілініп тұрғанына да көпшілік назар аудара бермейді.  Ең қызығы Шерлок Холмс туралы кітаптың бірінші бөлімі шыққан кезде мұндай мекен-жай мүлде болмаған.

Румыния, Бран қорғаны .

сур4

Суреттегі Бран қорғаны көп жылдар бойына  қанышерлер мекенін елестететін орын ретінде ел арасында танымал болған. Жазушы Брэм  Стокердің  романындағы  Дракула  Бран қорғанына ұқсас суреттелген.

сур3

Мысыр,  Филы аралы.

сур2

Филы аралындағы храм сыртына қашалып сызылған жазбалар  шынымен де  көнеден кележатқан естелік болып көрінуі мүмкін. Солай десе де болады:  бұл жазбаның пайда болғанына екі мың жылдан асқан. Бірақ аралдың өзі сіз ойлағаннан мүлде басқа.

Асуан  бөгеті салынған кезде  бұл жердегі шіркеулерді биіктеу жерге орналастырылған  Аглкия аралына көшіруге тура келген. Себебі, су тасқыны  тарихи орындарды барлық естеліктерімен қоса шайып кетуі мүмкін еді. Сол кезде  Филы аралындағы барлық шіркеу түп нұсқадан аумайтындай етіп қайта салынып шыққан. Тура осындай жағдай Абу-Симбел шіркеуінің де тарихында болған.

сур1

Антонио Беато суретіне жасалған көшірмеде  бастапқы кезде Филы аралы. Ол суреттен Ніл өзенін байқауға болады.

Италия Джулетта балконы.

сур18

Ромео және Джульиетта фильмі түсірілген орын көптеген саяхатшылар қызығып келетін орындардың біріне айналған. Көпшілік кинода қос ғашық бір-біріне сезімдерін білдірген орынды көру үшін  Веронуға жиі келеді екен.

сур17

Негізінде бұл балкон Уильям Шекспирдің пьесасындағы суреттелген орын емес. Бұл балкон шығарма авторының заманы кезінде тіптен болмаған да.

 

 

Талқылау