Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Әлі алда 15 қала бар": Айнұр Тұрсынбаева концерт беруден шаршайтынын айтты

Белігілі ақын Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарын Youtube арнасына шақырып, кез келген ауруды жеңуге көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

Айнұр

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қазіргі ақындардың ел аралау кезіндегі концертте өзінің сахнаға шығатын кезегін қалай күтетінін көрсетіп, халықтың энерия беретінін айтты. Шаршасақ та халықтың махаббатына бөленуге жететіні жоқ дейді ол. 

«Саxнаның артында кезегімізді осылай күтіп отырамыз. Шындығында күн сайын концертке шығу өте қатты шаршатады. Әлі алдымызда 15 қала бар. Бірақ xалықтың маxаббаты керемет энергия, күш береді. Сізді тікелей эфирде күтіп-күтіп шаршадық деген xаттар қаптап кетіпті. Бүгін 23.00-де шығамын бұйырса. Қыздарға арналған керемет теxника айтамын», - деп жазды Айнұр.

Артынша өзінің Youtube каналына жазылуды өтініп, кез келген ауруды жеңудің жолын үйрететінін жеткізді. Айтысты шетке ысырып қойып, қыз-келіншектерге ақыл айтуды қолға алған ақын таразының басын тең ұстап жүргенін осылайша дәлелдемек болды.

«Осы, сіздер, менің Youtube каналыма жазылдыңыздар ма? Аптасына 1 рет сол жерде тегін тренинг өткізіп жүрмін. Егер тіркеле алмасаңыздар, балаларыңыздан көмек сұраңыздар. "Кез келген ауруды жеңуге болады" деген тақырыпта өткен сабақ толық сақталып тұр. Қосылыңыздар», - дейді Айнұр Тұрсынбаева.
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр