Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кез келген адамның спортқа қызығушылығын оятатын чемпиондар (фото)

Олимиада ойындары – спорттағы маңызды сәттер. Алайда, барлығының бірдей спортқа қызығушылығы бола бермейді. Дегенмен біз назарларыңызға ұсынып отырған мына 15 спортшы көрген адамның спортқа деген қызығушылығын оятуы мүмкін.

Бұл туралы AdMe.ru хабарлайды.

16408615-2-1471000428-1000-b32d4cddbf-1471239634

1. Нин Цзэтао (Ning Zetao) — қытайлық суда жүзуші

2015 жылғы 100 метрге суда жүзуден әлем чемпионы, Азия ойындарының 4 дүркін жеңімпазы. Ол 2015 жылы чемпионатта алтын медаль еншілеген алғашқы азиаттық.

16408565-3-1471000714-1000-d5d5e3aad7-1471239634

2. Томас Дэйли (Tom Daley) ― британдық суға секіруші

Том 10 метр биіктіктен суға секіруші. Ол Еуропа чемпионатының ең жас жеңімпазы. Ол 2012, 2016 жылы Олимпиада ойындарында қола медальді жеңіп алған. Ол колледжде суретке түсірумен айналысқан.

16408915-4-1471001667-1000-f0a3de4638-1471239634

3. Камиль Лакур (Camille Lacourt) ― франциялық жүзуші

Камиль – төрт дүркін әлем чемпионы және үш дүркін Еуропа чемпионы. 2008 жылғы Франция аруына үйленген. Жұбайымен 4 жасар қызын тәрбиелеп отыр.

16408865-5-1471001786-1000-906ddbabf8-1471239634

4. Федерико Грабич (Federico Grabich) ― аргентиналық жүзуші

2010 жылы Оңтүстікамерика ойындарында 4 медаль, 2015 жылы Торонтода өткен Панамерикалық ойындарда алтын медальді жеңіп алды.

16409265-6-1471001899-1000-a34176bdf0-1471239634

5. Чад ле Кло (Chad le Clos) ― оңтүстікамерикалық жүзуші

2012 жылғы Олимпиада чемпионы және бірнеше дүркін әлем чемпионы. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиадада Чад алтын медаль олжалаған. Бұл жолы ол күміс медальді ұтты.

16410015-113455-1470997185-1000-1a381f8095-1471239634

6. Пита Тауфатофуа (Pita Taufatofua) ― тхэквондошы, Тонга

Тонга атынан Олимпиадаға тхэквондодан келген алғашқы қатысушы. Ол бұл спорт түрімен 5 жасынан бастап айналысқан. 18 жасынан бастап модель болды. Оның спорттан бөлек инженерлік дәрежесі де бар. Ол көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп тұрады.

16409715-7-1471002055-1000-78917cbe8f-1471239634

7. Эштон Итон (Ashton Eaton) ― жеңілатлет, АҚШ

Эштон 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, бес дүркін әлем чемпионы.Жары жеңілатлет Брианна Тейсен-Итон да әлем чемпионы атанған.

16409665-8-1471002201-1000-2d253f216f-1471239634

8. Марсель Нгуен (Marcel Nguyen) ― неміс гимнасты

Марсель – үш дүркін Еуропа чемпионы. Ол 2012 жылғы жазғы Олимпиадада екі күміс еншілеген. Гимнастикамен 4 жасынан бастап айналысып келеді.

16409615-9-1471002399-1000-97aed4c1b3-1471239634

9. Мэтт Андерсон (Matt Anderson) ― америкалық волейболшы

Ол 2014 жылғы Әлем лигасы мен 2015 жылғы Әлем Кубогының жеңімпазы.

16410165-10-1471002525-1000-2dc8d32ff1-1471239634

10. Джейкоб Далтон (Jacob Dalton) ― гимнаст, АҚШ

Ұлттық ойындардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Атлеттерге арнап киім шығарады. Оның жұбайы да гимнастшы қыз.

16408715-15-1471003476-1000-ba0397f279-1471239634

  1. Владимир Морозоа ― суда жүзуші, Ресей

2012 жылғы жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, 2012 жылғы Еуропа чемпионы Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы.

16410065-11-1471002632-1000-cfd69cd989-1471239634

12. Рики Рубио (Ricky Rubio) ― испандық баскетболшы

Ол  жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. 2009 жылғы Еуропа чемпионы.

16409815-12-1471002790-1000-76a323887a-1471239634

13. Марсело Кьеригини (Marcelo Chierighini) ― суда жүзуші, Бразилия

2013 жылғы Әлем чемпионатының қола жүлдегері. 2015 жылы Торонтода өткен Панамерика ойындарының алтын медаль иесі.

16409765-13-1471003000-1000-c8139628c0-1471239634

14. Райан Лохте (Ryan Lochte) ― суда жүзуші, АҚШ

Райан алты дүркін Олимпиада чемпионы. Ол Әлем чемпионатынан 39 алтын медаль иеленген. Ұзақ және қысқа қашықтықта 10 әлемдік рекорд орнатқан.

16408815-14-1471003362-1000-466564f23e-1471239634

15. Алекс Раньери (Alex Ranghieri) ― жағажай волейболшысы, Италия

Алекс 6 жасынан бастап волейболмен айналыса бастады. 17 жасында Римде командамен қатысып, жақсы нәтиже көрсеткен. Басты жанкүйері анасы Рио Олимпиадасына да оны қолдауға келген.

Жіберіп алмаңыз:

Олимпиадада ауыр жарақат алған спортшылар (фото, видео)

Талқылау