Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кейуана өмірінде бірінші рет сайлауға барып, қайтыс болып кетті

АҚШ-тың Техас штатында ауыр дертке шалдыққан әйел қайтыс боларының алдында әупірімдеп жүріп сайлау учаскесіне жетіп, дауыс берген.

Кейуана өмірінде бірінші рет сайлауға барып, қайтыс болып кетті

Бұл туралы The Washington Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Марқұмның туыстарының сөзінше, 82 жастағы Грейси Лу Филлипс өмір бойы сайлауға бармаған. Себебі өзінің даусының еш маңызы жоқ деп ойлаған. Алайда соңғы уақыттарда ол үшін сайлау мәселесі маңызды бола түсіпті. Сондықтан аралық сайлау өтіп жатқан кезде дауыс бергісі келген.

Зейнеткер сайлауға қатысу үшін тіркеуден өткеннен кейін, пневмония мен сепсис дерттеріне шалдыққан. Алайда Филлипс денсаулығының нашарлағанына қарамастан, сайлау туралы айтуын қоймапты.

«Ол ауырып жатып: «Дауыс берудің басқа әдііс жоқ па? Адамдарға ауруханада жатып дауыс беруге болмай ма?» – деп сұрады. Бұл шынымен де ол үшін өте маңызды еді», – дейді күйеу баласы Джеф Гриффит.

1 қараша күні Филлипс сайлауға қатысып, өмірінде алғаш рет дауыс берді. Күйеу баласының сөзінше, ол Республикалық партиядан ұсынылған кандитаттарға дауыс беріпті. Ал арада 5 күн өткеннен кейін кейуана қайтыс болды.

«Өте мақтанып, қатты қуанды. Әйтеуір дегенде дауыс бергенін үнемі айта берді», – дейді Гриффит.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау