Кейкі батырдың басы қайда жерленетіні белгілі болды

Дүйсенбі, 7 Қараша , 2016 12:34

Батырды туған жерінде жерлеуге шешім қабылданды. Ол – Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылы, деп хабарлайды Қазақпарат.

20161107104614

Фото: inform.kz

Ресейдегі мұражайдан қайтарылған Кейкі батырдың бассүйегі батырдың туған жері – Қостанай облысында жерленеді деп хабарлады сенат депутаты Серік Ақылбай.

“Иә, Кейкі батырды жерлеуге қатысты мәселе шешілді. Жақында аты аңызға айналған батырды жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша құрылған мемлекеттік комиссияның отырысы болды. Батырды туған жерінде жерлеуге шешім қабылданды. Ол – Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылы”, — деді Ақылбай дүйсенбі күні тілшілерге.

Бұдан бұрын батырдың туған-туыстары оған арнап мазар салған еді, бірақ, сенатордың айтуынша, “ол сәл жұпыны көрінеді”. “Кейкі батыр тұлғасының біздің еліміз үшін орны ерекше екенін ескере отырып, жастарымыздың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін комиссия Кейкі батыр мемориалын салып, жерлеу рәсімін салтанатты түрде өткізуге шешім шығарды”, — деді Ақылбай.

Бұған дейін Кейкі батырдың бас сүйегі Санк-Петербургтен кунсткамерадан табылған еді. Сенатор Ресейден Кейкі батырдың басын қайтаруды сұраған.

Еске сала кетсек, өткен ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыс басшылары Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын елге жеткізу мәселесін экс-премьер-министр Кәрім Мәсімов көтерген болатын. Өз кезегінде Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведев бұл мәселені шешіп беруге уәде еткен еді. Кейкі батырдың басы ақырында Астанаға жеткізілген еді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда үйінен үнемі қашып кететін қыз табылды

Есікте зорланған қыз өзіне төніп жатқан қауіпті айтып желі арқылы мұңын шақты

Аяқ-қолы балғадай жігіт аяқ астынан мүгедек болып адам танымастай күйге түскен

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар