Кейкі батырдың бас сүйегі келер жылы жерленетін болды

Сәрсенбі, 2 Қараша , 2016 7:01

93 жылдан соң Ресейден елге оралған Кейкі батырдың бас сүйегі келер жылы күзде жер қойнына берілетін болды. Бұл туралы КТК арнасында айтылды.

eneeeee-620x360

Кеше вице-премьер Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің батырын жерлеу бойынша, арнайы кеңес өткізді.

Жерлеу рәсіміне дайындықты тиянақты жүргізу керек дейді Иманғали Тасмағамбетов. Әсіресе, Мәдениет министрі мен Қостанай облысының әкіміне даңқты қолбасшының денесі көмілген орынды іздестіріп, Кейкі батырдың кесенесін жобалап оның құрылысын қолға алуды тапсырды.

Қазір батырдың бас сүйегіне антропологиялық сараптама жасалып, келбеті қалыпқа келтіріліп жатыр. Бұл іс біткен соң Ресейдің отарлау саясатына қарсы шыққан Кейкі батыр мұсылмандық ғұрыпқа сай жерленбекші.

“Қыстың көзі қырауда апарып жай көме салатын бас емес. Ол халық батыры. Сондықтан арулап тиісті мемлекеттік деңгейде жерлеу осы комииссияда шешілді”, – деді сенат депутаты Серік Ақылбай.

Оқи отырыңыз:

Назарбаев: Төрт көлігі барлар біреуінің құнын берсін

Мемлекеттік қызметте «13-жалақы» мен мерекелік сыйақыларды алып тастайды

170 мың доллар тауып алған алматылық жалғызбасты әкенің әңгімесі

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасары енді күзетші болып жұмыс істеуде

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар