Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал жазушылар қазақтың тойларына реформа жүргізу керек деп есептейді

Аста-төк дастарханның шығыны мен ұзаққа созылған тілектерден жалыққан жазушылар қазақтың тойларына реформа жүргізу керек деп есептейді. Оның орнына фуршет типіндегі дастархан мен екі-үш адамға ғана сөз беруді ұсынып отырғандардың бірі  жазушы-журналист Марат Тоқашбаев. Тойдағы тағы қандай дүниелерді өзгертуге болады?

822274afdabc07b23d69296088e51266

Сурет: www.anyzadam.kz 

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Той -Тәңірдің несібесі” деп жиған-тергенін қисапсыз тойға шашатын қазекеңе тоқтау салу керек -дейді журналист Марат Тоқашбаев. Оның айтуынша, той белгіленген уақытында басталып, 3 сағаттан аспауы тиіс, қонақтар өзара еркін қауышып, жақынырақ тілдесу үшін тойханада жанға жайлы, жұмсақ музыкалық фон ғана болғаны дұрыс. Сондай-ақ, дастархан басында шегеленгіп отырмай, жасы үлкен меймандардан бөлек қонақтар түрегеп жүріп, фуршеттен дәм татқаны жөн болар еді -дейді журналист.

«Тойға барған адам демалып, көңілі көтеріліп, қуанып, мерейі асып, мейманасы тасып, жақсы көңіл-күймен қайтудың орнына, жаңағы құлақтан ұрған үлкен децибелдердің, тамадалардың әкіреңдеген “іште те іш, ал да алып қой” деген тықпалауларының, дауыстарының арқасында сондай тойдан адам демалып емес, шаршап қайтады», – дейді журналист Марат Тоқашбаев.

Той үстінде қалыңдыққа гүл лақтыртып, ата-анаға торт асату да артық қылық -дейді шығармашылық пен асабалықты қатар алып жүрген Бейбіт Сарыбай. Оның пікірінше дәл осындай салт-дәстүрге қайшы дүниелерден бас тартатын кез жеткен. Құр мақтан мен дарақылықтың, өзінде жоқ болса да, барын салып бар көрсетудің, қарызданып несие алудың еш мәнісі жоқ -дейді ол.

«Ысырапшылдық деген нәрсе бар, жалған намыс бар. Бізде той жасайтын ағайындар бір ғана нәрседен арылу керек – жалған намыстан арылу керек. Ана бәленшенің тойына барған кезде олардың тойында 5 мәшине жүрді, біздікінде 6 мәшине жүрсін деген сияқты. Бәленшенің тойында анандай әртіс келді, біздің тойда әртіс келмесе ыңғайсыз болады дейді», – дейді асаба Бейбіт Сарыбай.

Әрине, тойды әркім өз қалауынша өткізуге құқылы. Дегенмен той заманына лайық сипат алғаны жөн. Бұл мәселеге байыппен қарайтын кез бізге де жеткен сияқты.

Талқылау