Кетчуп несімен пайдалы?

Сейсенбі, 2 Тамыз , 2016 15:11

Әлемге танымал соус қатерлі ісік дертінен айықтырады. Мұны ғалымдар бірнеше зерттеу жасай отырып дәлелдеді.

56cb6f6325dfd56cb6f6325e34_720

«Тағамға кетчуп пен томатты көптеп қосу арқылы қатерлі дерттің алдын алуға болады», – дейді гарвардтық Медицина және тамақтану университетінің профессоры Эдвард Джиованучи. Ол 5 жыл зерттеу жүргізген. Зерттеуінде әлемдегі 48 мың ер адамның тамақтану жүйесін тексеріп көрген. Зерттеу нәтижесінде қызанақты аптасына 10 рет жеген адамдардың қатерлі дертке шалдығуы 2 есе аз болған. Детройдта бір ай ішінде қызанақ тұтынған адамның қатерлі дертінің асқынуы төмендеп, 20 пайызға азайған.

Мұның себебі – қызанақ құрамындағы ликопиндерде. Ол көкөністің түрін қызыл етіп тұрады. Ликопин қатерлі дертке қарсы тұруға көмектеседі. Ликопиндер макрофаг және өзге де тор қабатынының белсенділігін арттырып, қатерлі дерттің асқынуына жол бермейді.

Күн сайын кетчупты тұтынсаңыз, ол ағзадағы кері әсер етуші холестеринді жоюға көмектеседі. Бұл Оулу университетінің фин ғалымдарының зерттеуі. Олар науқасқа күнделікті 2 стакан қызанақ шырыны мен 2 ас қасық кетчуп берген.

«Біз осыдан кейін адам ағзасындағы холестериннің азайғанын анықтадық», – дейді олар. Сондай-ақ ғалымдар қызанақтарың ағзаға ликопиндер, бета-каротин, гамма-каротин мен с витаминін беретінін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Қызанақ қандай дерттерге дауа екенін білесіз бе?

Қандай тағамдарды тұтыну арқылы жүрек ауруының алдын алуға болатынын білесіз бе? (фото)

Ғалымдар ыстық шай мен кофеден  рак ауруы пайда болатынын дәлелдеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар