Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кесірткені күрекпен аяусыз ұрғандар желі қолданушыларының ашуын туғызды

Желіде отандастарымыздың үлкен кесірткені күрекпен ұрған көрінісі жарияланып, желі қолданушыларының ашуын келтірді.

4a931ccdc60def8cecbe1822c63da39c

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Роликтің атауына қарағанда оқиға ОҚО-да болғанға ұқсайды.

Гүлдер өсіп тұрған жол бойындағы кесірткені екі жас алдымен тас атып, сосын күрекпен ұрған. Осыдан кейін кесірткенің артқы аяқтары кесіліп кеткен.

«Кесірткенің омыртқасы үзілген болу керек, сондықтан ол енді өмір сүре алмайды. Олар Халықаралық табиғатты қорғау кеңесінің Қызыл кітебына енген кесірткеге залал тигізді. Кесірткеніің бұл түрі елімізде жойылып бара жатқан бауырымен жорғалаушы ретінде мемлекет тарапынан бақылауға алынған», – дейді эколог Алексей Гладков.

ҚР ҚК 339 (Жойылып бара жатқан және қолдануға тыйым салынған жануарлар мен өсімдіктер түрлеріне заңға қарсы әрекет ету) бабына сәйкес, осы әрекетке барғандарға 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі тұр. Ал, оларды табу еш қиындық тудырмайды. Өйткені, олардың көлік нөмірі видеоға түсіп қалған.

Михаил Дворянчиков

Талқылау