Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou тобының экс-әншісі тұрмысқа шықты (видео)

“Эшкере” деп тыңдарманға “хайп” сыйлауға асыққан Элизат Берікова тұрмысқа шықты. КешYou тобының экс-әншісі күні кеше ұясынан ұзатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

КешYou тобының экс-әншісі тұрмысқа шықты

Элизат осыдан бірнеше жыл бұрын продюсер Баян Алагөзовамен келісім-шартқа отырған. Алғашқыда Сара Аменгелдімен бірге “Лашын” дуэтінде ән салған Элизат кейіннен КешYou тобына ауысқан еді. Тек келісім-шартының мерзімі бітпестен, продюсерлік орталықпен қош айтысты. Оның басты себебі – Элизаттың тұрмысқа шығуы.

КешYou тобының экс-әншісі тұрмысқа шықты

Топтан кеткен соң, Берікова сахнадан қол үзді. Ал күні кеше арудың ұзатылғаны белгілі болды. Берікованың ұзатуына кезінде топта бірге ән салған Сара Амангелді мен Балжан Бидаш келді. Сондай-ақ, әнші Дана Кентай әріптесінің қуанышына ортақтасты.

КешYou тобының экс-әншісі тұрмысқа шықты (видео)

“Жаным, бақытты бол. Ең сұлу қалыңдық, Элизат Берікова. Біздің достығымызға 7 жыл. Алла жар болсын, алтыным! Жақсы көремін”, – деп ақ тілегін білдірді Сара Амангелді желідегі парақшасы арқылы.

КешYou тобының экс-әншісі тұрмысқа шықты

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от #КешYOU (@keshyouworld)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Менімен биле денеңді бос ұста💃 (@svadba_kaz)

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау