Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou-лік Балжан Бидаш мұрнына пластикалық ота жасатты

КешYou тобының әншісі Балжан Бидаш мұрнына пластикалық ота жасатқан. Әншінің айтуынша, ол тыныс алу жолдарында қиыншылық болғандықтан, осындай қадамға баруға мәжбүр болған.

Балжан Бидаш

Балжан операция туралы Instagram-дағы парақшасында баяндады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Бірнеше апта бұрын армандарымның бірі орындалды. Менің тыныс алуымда қиыншылықтар болған. Соны емдетудің барысында кішкентай кезімде балалықпен шалалық етіп тапқан мұрнымдағы “горбинканы” да емдетуді жөн көрдім. Ойламаған жерден жоспар ринопластикаға айналып кетті. Аллаға шүкір операция сәтті өтті, өзімді жақсы сезініп жүрмін”, – деп бөлісті Балжан.

Желі оқырмандарының бір тобы пластиканың көмегіне жүгінген әншіні сынға алды.

“Әлі жап-жассың ғой”, – деп пікір білдірді олар.

Тағы оқыңыз:

Димаш қазақ сахнасына туған қарындасын алып шықты (видео)

Сиви Махмуди “пластикалық ота жасатқан” деп сынағандарға жауап берді

Жаныма батып кетті: Дастан Оразбековтің келіншегі отбасын құруға өзі ұсыныс білдірген

КешYou-дің экс-әншісі Нұржан Керменбаевпен дуэт құрды

Талқылау