КешYou-ге той үстінде қабылданған әнші кім?

12 жыл бұрын құрылған атышулы КешYou тобы осы уақыт ішінде құрамын бірнеше мәрте ауыстырды. Топтан біреу кеткен сайын, Баян Алагөзова ауқымды кастинг ұйымдастырып, солистерді қатаң іріктеуден өткізетін. Алайда топқа мүше болған қыздардың арасында той үстінде бағы жанғандар да бар.

КешYou-ге той үстінде қабылданған әнші кім?

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Балжан Бидаш 4 жасынан бері ән айтады. Өнерлі жанұяда дүниеге келген Балжан жастай тойда ән салып, табыс тапқан. Қарапайым студенттер ұқсап күн көрудің жолын іздеген.

“Барлық жастар жас кездерінде, студент кездерінде қалаға келгенде күндерін көру үшін, неше түрлі жұмыстар істейді. Менде де ондай болды. Оқуымның ақшасын өзім төледім. Тойларда ән айттым”, – дейді Балжан.

Өнердегі жолын тойдан бастаған әнші бала кезінде-ақ қыздар тобында ән салған.

“2500 теңге. Мен Түркістан қаласында, мектепте оқыдым. Сол кезде біз үш қыз болып ән айтатынбыз. Ол кезде мен жаңадан кірген қыз болып, сол топтан 2500 теңге алғаным есімде”, – дейді “Бидашка”.

КешYou-де үш жылдан бері ән салып келе жатқан Балжан топқа продюсер Алтынбек Рахметовтің арқасында келген.

“Кастинг деп айтуға бола ма болмай ма білмеймін, бірақ мені ресторанда мейрамханада, дастархан үстінде қабылдап алған болатын. Сол жерде ән айтып билейсің ба деп сұрады, енді иекемім бар деп, әйтеуір өтіп кету керек қой бізге басында”, – дейді бойжеткен.

“Жаңғақты қыздар” тобындағы жұмысын аяқтаған Балжан енді жеке әнші ретінде өнер көрсетпек. Алайда барша қыздар секілді ақ көйлек киюді армандайтын ол ханзадам кездессе, өнерді екінші орынға ысыруға дайынмын дейді.

“Өзімнің өмірлік жарымның, өнер адамы болғанын қатты қаламаймын. 25 жасымда тұрмыс құрғым келеді. Өнер енді ешқайда қашпайды. Түсінетін адам болса жалғастыра жатармыз”, – дейді Балжан.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
10.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар