Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КешYou әншісі бұрынғы топтасы Жұлдыз Өмірғалидің құпиясын ашып қойды

Бұрынғы әріптестерім өмірден өз орындарын тапты! Осылай деген КешYou-лік Балжан Бидаш аңдамай сөйлеп, экс-әріптесінің құпиясын ашып қойды. Ақбота мен Жұлдыздың тағдырын сөз еткен Балжанның зілсіз әзілін желідегілер қызу талқыға салды, деп хабарлайды Stan.kz.

Фотосуреттен есейіп шыға келген Ақбота Сейітмағамбет пен Жұлдыз Өмірғалиді, сондай-ақ, “сәби” Балжанды көруге болады.

“Кезінде осы фотошопқа әбден күліп едік. Шынында да Жұлдыз бен Ақбота өсіп, өз орындарын тауып кетті. Мен әзірге “мама, көтерші деп жүремін”, – деп жазды Балжан бөліскен суретінің тұсына.

Өз кезегінде инста-оқырмандар Балжанның сөзінен астар іздеп, әлекке түсті. Көпшілік оған: “Жұлдыз бен Ақбота сияқты біреудің отбасын бұзбашы”, – деп ақыл-кеңестерін аямады.

Естеріңізге сала кетейік, кезекті құрамы ауысқан соң КешYou тобында Жұлдыз, Ақбота мен Балжан ән салған еді. Кейін жеке өміріндегі “жаңалықтарға” байланысты топтан Ақбота, іле-шала Жұлдыз да кетті. Ал Балжан Бидаш әлі күнге дейін КешYou-дің құрамында ән салады.

Жіберіп алмаңыз:

Сиви Махмудидің анасы төрт түлік малға толы фазендасын көрсетіп мақтанды (видео)

Ерке Есмаханға 800 мың теңгенің сөмкесін сыйлаған жігіт кім (фото)

Жомарт жанды Тәуекел: Актер мұқтаж отбасыға көмек көрсетті (фото, видео)

Талғат Жорабаев Төреғалимен болған даудың неден басталғанын айтып берді

Талқылау