Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кешірші, інім": Тәртіп бұзғаны үшін көлік жүргізушісінен кешірім сұраған полицей жұмысынан қуылды (видео)

Көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған тәртіп сақшысының әрекетін видеоға түсіріп жариялады. 

Оқиға Қырғызстанның Ыстықкөл облысында болды. Жол полицейі өз әрекетін әшкерелеген жүргізушіден кешірім сұрап, видеоны өшіруін сұрады. 

Көлік жүргізушісі полицейдің көлікте телефонмен сөйлесіп отырғанын, темекі шегіп, бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткенін видеоға түсірген.

Көліктің соңынан қуып жетіп, оның тәртіп бұзғанын айтты. Полицей жүргізушінің алдында ақталып, кешірім сұрап бақты. 

"Ассалаумағалейкум, ағасы, бағдаршмның қызыл түсіне өтіп кеттіңіз ғой. Көлікте телефонмен сөйлесіп, темекі шегіп бара жатырсыз. Басқалардың тәртіп бұзғанына протокол толтырасыздар. Өздеріңіз ше?", - деді жүргізуші. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр