Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Кешірім сұра": Әли Оқапов Димашқа қатысты сөзі үшін ұрыс естіді

 Жақында Димаш Құдайберген туралы пікір білдірген Әли Оқапов жұрттан оңбай сөз естіді. Әли Димаштың әлемге белгілі әндерге кавер орындап танылғанын, оған хит керек екенін айтқан болатын. Тыңдармандар Оқаповтың бұл сөзін іштарлыққа балап отыр, деп жазады Stan.kz.

Димаш Құдайберген - Әли Оқапов

Instagram қолданушылары Әлидің соңғы жазбаларының біріне жағымсыз пікірді қарша боратқан. 

"Димаш тек қана кавер айтады деп жауап беріпсіз. Сіз өзіңіздің деңгейіңізді көрсеттіңіз. Димаш секілді әлемнің сахналарында жанды дауыспен концерт бере аласыз ба? Сізде қандай таңғаларлық қабілеттеріңіз бар? Осы уақытқа дейін ештеңе жазбаппын сізге. Бірақ ашуды келтірдіңіз",

"Ішің тар екен ғой Әли, сауатсыз әрі екіжүзді екенсің", 

"Димаштан кешірім сұра, бүкіл жер шарының халқынан. Қазақ десе өзіме тиеді, қызғаныш көре алмаған соң, өңкей сауатсыздар",

"Байқұсай өзінің хит əні бардай. Жөні түзу əні жоқ. Мыңқылдап мұрнынан айтады бір сөзін түсінбеймін. Не биле не өлең айт. Димаштың тырнағына да татымайсың. Конкурсқа қатысып көр алдымен",

"Сенен қатты көңілім қалды. Көре алмаушылықпен айттың ба әлде Димаштың есебінен өзіңе пиар жасағың келді ма? Сенің бірде бір әніңді білмеймін, бұдан кейін де тыңдайтыным екіталай. Сені аяймын. Осы сөзіңмен қаншама адамға жеккөрінішті болып қалдың", - дейді инста-оқырмандар.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Загрузка...
Қазір оқып жатыр