Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешір бізді, Денис: Қазақстандық танымалдар Денис Теннің өліміне қайғыруда (фото)

Мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің қазасы барша қазақстандықтардың жүрегін ауыртты. Спортшымен жеке таныс болған отандық танымалдар онымен бірге түскен суреттерін жариялап, қатты қайғырғандарын жеткізді.

Кешір бізді, Денис: Қазақстандық танымалдар Денис Теннің өліміне қайғыруда

“Өмірдің ғажабы болып келіп, азаппен өліп кеткенің өзегімді өртеп бара жатыр. Мына суық xабар жүрегімді ауыртты. Елімнің мақтанышы болған, көк туымызды көкке көтерген, жадырап-жайнап жүретін Денис енді жоқ. Алланың берген ғұмыры біреуге көп, біреуге аз. Жаратқан жәннәттан орын берсін алтын бауырым”, – дейді Қайрат Нұртас.

“Қазағымның алтын баласы, батыры едің ғой Денисжан. Бол соншалықты қандай қатігездік?! Ағайын, көзімізді ашайықшы, қарайықшы айналамызға. өмір не болып бара жатыр. Әлі сенбей отырмын, Денисжан жаның жәннатта болсын”, – дейді әнші Қайрат Түнтеков.

Кешір бізді, Денис: Қазақстандық танымалдар Денис Теннің өліміне қайғыруда

“Мен бұл өмірде кездестірген ең ақылды, ашық, интелигентті адамдардың бірі еді… Жаның жәннатта болсын, алтыным”, – деп өкінішін білдірді Жанар Дұғалова.

Танымал продюсер Баян Алагөзова Денистің өліміне әрбір ел азаматы кінәлі екенін айтты. Мақсатқызы тәртіпсіздік пен бейберекетсіздік орнаған қоғамда өмір сүрудің өзі қорқынышты екенін айтып күйінді.

“Біздің үздігіміз кетті, мүмкін Жаратқан бәрімізге сабақ болу үшін оны алып кеткен де шығар? Шын мәнінде, екі оңбаған бір шыны үшін оны өлтірді. Ал сол шыны базар иелерінің рұқсатымен сатылады. Оны ешкім тексермейді, бәрі үнсіз келіседі. Біздің “шуақты” қаламызда көлігінің айнасы ұрланбаған бірде-бір жан қалмаған шығар? Біз үшін бұл қалыпты нәрсеге айналған. Көшеде сен кез келген қауіпке тап болуың мүмкін, өте қорқынышты… Денисті қала орталығында, күндізгі сағат 3-те өлтіріп кетті. Жалпы біздің қауіпсіздігіміз үшін кім жауап береді? Бұл адамдар кімдер?

Погон таққандардан қорқамыз, оларды көрген кезде қауіпсіз сезінудің орнына керісінше қорқамыз. Денис адам еместермен кикілжіңге келуден қорықпады, себебі өзіне ешкімнің көмектеспейтінін, қорғамайтынын білді. Бұл – шындық. Бәрі “керемет” деген әдемі сөздер түкке де тұрмайды. Денис, кешір! Өтінемін, бәрімізді кешір! Мұның бәрі біздің үнсіз келісе беруіміздің кесірінен… Бізде азаматтық ұстаным деген жоқ, кімнен жауап алу керектігін, кімді жазалау керектігін білмейміз. Әркім өзі үшін өмір сүреді. Қайғыра отырып, Денистің барлық жақындарына көңіл айтамын. Ол өте қысқа әрі жарқын өмір сүрді. ІІМ мен прокуратура Денистің ісін жеке бақылауға алды, мемлекеттің әр азаматын жеке бақылауға алыңыздар”, – дейді ол.

Сондай-ақ, өзге де танымалдар Дениспен бірге түскен суреттерін жариялап, оны еске алуда.

Как буду я скучать… Сердце разрывается от боли

Публикация от Aliya Telebarissova (@aliya_anuarbek)

Прости, Брат, что не уберегли…

Публикация от Sanjar Madi℠ (@sanjar.madi)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау