Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Кеш you» солисі желіде аузына келгенді айтатын оқырмандарына тіл қатты

«Кеш you» тобының әншісі Ақбота Сейітмағамбет Instagram желісінде түрлі жағымсыз пікірлер қалдырып, «аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығатын» оқырмандарынан шаршаған секілді. Бүгін ол теріс пікір иелеріне өз жауабын берді.

14374407_1794313540789484_1478192811_n

«Өзімшіл… Иә, ол қыз өзімшіл… Бәріңізді түсінемін…Мені жек көретіндей, ақылға қонбайтын сөз айтатындай, мені балағаттайтындай, мен сіздерге ештеңе жасағам жоқ! Мен сіздердің жеке өмірлеріңізге араласып немесе нандарыңызды тартып жеп отқаным жоқ! Иә,түсінемін… Мүмкін сіздер ойлағандай біз “сүйексіз”болуымыз керек пе? Ауызға келгенді айтып, жүрекке тигенді доғарыңыздар! Мен парақшамды, сіздер сияқты ойы пасық адамдарға арнаған жоқпын!» – деп ашуланған әнші артынша сабасына түсіп, жұртына игі тілегін арнады.

«Сіздерге тек барлық жағынан әдемі болу керек? Неге? Бәріне, барына, барлығына Шүкір етемін! Айтарым, түрім де, бойым да, сөзім де, ойым да орнында… Менің шын достарыма, ақкөңіл жанкүйерлеріме мың алғыс! Жандарым сол!Ақыл айтып, қолдап, қуантудан шаршамаңыздар!» – деп түйіндеді сөзін Ақбота.

Желі оқырмандарының басым бөлігі Ақботаға жағымсыз пікірлерге мән бермеуге кеңес берді. Кейбіреулер, тіпті, Жанар Дұғалованың «тілінде» сөйлеп, «Айта берсін, айта берсін жұрт», – деп жазды.

Жіберіп алмаңыз: 

«Кеш you» әншісі 10 жылдық концерттен бір күн бұрын ота жасатқан (видео)

Жанар Дұғалова магистратураға түсті

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың жолын бөгеп, көпке дейін жібермей қойды (видео)

Баян Есентаева жалғызбасты аналарға қолдау көрсетуге шақырды

Талқылау