«Кеш you» әншісі 10 жылдық концерттен бір күн бұрын ота жасатқан (видео)

Сәрсенбі, 7 Қыркүйек , 2016 12:03

«Кеш you» тобының солисі Жұлдыз Өмірғали мерейтойлық концерттен бір күн бұрын мұрнына ота жасатқан.

14134771_138137953253972_1755231398_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Құрылғанына 10 жыл толған «Кеш you» тобы 24 мамырда мерейтойлық концерттерін өткізген еді. Естеріңізде болса, қыздар су астында өнер көрсеткен-ді. Дайындық барысында топ мүшесі суға түсемін деп, мұрнына суық тигізіп алса керек.

Жұлдыздың «гаймориті» асқынып, мамырдың 22-нен 23-не қараған түні ота жасатуына тура келген. Ал концерт соның ертесіне, яғни 24 мамырда өтті.

Топ директоры Назым Басқынбаева Жұлдызға қайсар әрі шыдамды деп баға берді.

Ал желі қолданушылары топ солисіне зор денсаулық тілеп, мықты сарбазға теңеді.

“Бұл ең ауыр процедура”, “Мықтысыз, Жұлдыз. Сізді жақсы көремін”, “Қандай шыдамды”, “Шыдамды, қайтпас сарбаз екенсіз, зор денсаулық тілейміз”, “Ішіндегі ең қарапайым қыз екен”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.

 

 

Жіберіп алмаңыз: 

“Кеш You” тобының продюсері өздеріне айтылған сынға қатысты жауап қатты

Есентаева КешYOU концертіне Мөлдір мен Жанардың не себепті қатыспағанын түсіндірді

Есентаева «КешYOU» солисінің биге икемсіз екенін айтты

КешYOU әншісі алғаш рет макияжсыз түрін көрсетті

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар