Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керменбаев «04:29» фильмінің саундтрегіне бейнебаян түсірді (видео)

Отбасы және махаббат тақырыбын сөз ететін «04:29» кинокартинасы 22 қыркүйекте экранға шығатын болды.

13722117_276927886001111_1303710061_n

Аталмыш фильмнің саундтрегін «Қазақтың қара баласы» Нұржан Керменбаев орындаған. Бүгін Керменбаевтың «Жылайды жүрек» бейнебаяны жарыққа шықты.

Фильм түсірілімі шілде айында аяқталған болатын. Бас кейіпкерлер Әлихан мен Ажар алғашқыда өмірмен қош айтысуға тырысады, алайда тағдыр тоғыстырған жұп өмірдің ауыр соққыларына төтеп бермек.

1469097490rtv51-725x (1)

Кинокартинаның режиссері Мереке Мұқан фильм туралы айтып берген еді:

«Біздің бұл фильміміз әлеуметтік драма жанрына жақын. Шешілуі қиын ауыртпашылықтарға кез келген адам тап болады. Фильм сюжеті осы жайында. Біздің басты мақсатымыз – ешқашан мұңаймау керектігін жеткізу. Қандай қиыншылыққа тап болсаңыз да, өмір соған тұрарлық».

Фильмде Ербол Семқұлов, Карина Хурамшина, Майра Омарова, Тасболат Омаров және т.б. актерлер ойнайды.

Актерлер: Карина Хурамшина, Мереке Мұқан және Ербол Семқұлов

5Y9NDsRvHbE_h3vi

Фото: brod.kz

«Мен жарақат алып, билей алмаған балерина Ажардың рөлін сомдаймын. Бұл менің үлкен киноға жасаған алғашқы қадамым болмақ. Сол себепті қызықты сәттермен қатар қиыншылықтар да көп болды. Мәселен, жартасқа өрмелеп, көпірде түсірілген эпизодтар өте қызықты шықты. Ал жағымсыз болғаны – ауа-рауының суық болуы. Біз күзгі көріністерді қыста түсірдік, салдарынан қыстың қақаған аязында көйлек пен туфлиде жүрдік», – дейді басты рөлді сомдаған актриса Карина Хурамшина.

Жіберіп алмаңыз: 

Есентаева «Өгей жүрек» телехикаясының алдын-ала көрсетілімін өткізді (фото, видео)

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Беделхан «91» тобын сынаған Оңтүстіктің жастарын әжуалады

Фонограммамен және жанды дауыста ән салатын жұлдыздар дауы

Талқылау