Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керісінше, Қайрат мұрнын шүйіруі тиіс: Айсәуле Бақытбек Қайрат Нұртасты жақтап шықты

«Май өнивөрс» әнінен кейін жұрттың қызу талқысына ұшыраған Қайрат Нұртасты Баян Алагөзованың тұңғышы жақтап шықты.  Біздің халықтың іспен айналысып жүрген адамның артынан сөйлейтін әрекетін жек көремін, дейді ол, деп жазады Stan.kz.

Керісінше, Қайрат мұрнын шүйіруі тиіс: Айсәуле Бақытбек Қайрат Нұртасты жақтап шықты

«Бәрі Қайрат Нұртасты мазақтап, күліп жатыр. Маған бір нәрсе түсініксіз. Несі күлікілі. Көп адамның КИМЭП бітіргенін шетелге көп саяхаттайтынын білемін. Бірақ ағылшын тілінде екі сөздің басын қоса алмайды. Ғаламтордан ағылшынша сөздерді тауып, өз суреттерінің астына жазып қояды. Не үшін адамдар өз өзіне күледі? Қайрат өзін, отбасын қамтамасыз етіп отыр. Меніңше бұл жерде керісініше, ол мұрнын шүйіруі тиіс», – деп жазды Айсәуле Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Айсәуле Қайрат Нұртасты шетелдік жұлдыздармен салыстырды.

«Мен біздің халықтың іспен айналысып жүрген адамның артынан сөйлейтін әрекетін жек көремін. Артына қарап алмайды. Мен өзгелерді Биланның, Элджейдің сыртынан күлгенін байқамаппын. Олардың да акценті керемет емес. Немесе Решетованың суреттерінің астынан ағылшын тілінде қате жазатынын оқымаппын. Дұрыс емес пе? Ұнатасыздар, елкітейсіздер…

Егер үнемі өз бауырларымыздың, қарындастарымыздың сыртынан күлуге сылтау іздеп отырсақ, қалай дамимыз? Ал әркім өзі мазақ болғысы келмейді», – деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау