Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керекулік кәсіпкерлер 50 әйелге сый жасады

Көмекке мұқтаж осынша адамға алдымен азық-түлік үлестірілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

иа

Жалғыз басты аналар мен зейнет жасындағы мүмкіндігі шектеулі әйелдерге бірінші кезекте ет, сүт өнімдерімен бірге тәттілер де тегін таратылды. Көп балалы аналар үшін базарлық ретінде балмұздақ таратылды. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырған павлодарлық іскер әйелдердің айтуынша, бұл пайданы күреп тауып отырған алпауыт кәсіпорын иелеріне үлгі болмақ. Әзірге олардың бастамасына жергілікті 25 кәсіпкер қолдау көрсеткен.

“Бес балама жағдай жасап, мынадай продукты тамақ жағынан көмектесіп жатқандарыңызға көп-көп рахмет айтам. Осылай жалғыз басты аналарға, үлкен әжелерге көмектесіп жатқандарыңызға көп рахмет”, – дейді Әсем Тайтөлеуова.

Талқылау