Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керчьтегі колледжде жарылыс жасаған студенттің анасы “Иегова куәгерлері” ағымында болған

Керьчте жарылыс жасап өзі құрбан болған студенттің анасы бірнеше жыл “Иегова куәгерлері” ағымында болған.

Керьчтегі колледжде жарылыс жасаған студенттің анасы "Иегова куәгерлері" ағымында болған

Бұл туралы Қырымның білім министрлігін мәлімдеді. Жарылыс жасаған жігіт тұрмысы төмен отбасынан шыққан.

“Владиславтың әкесі мүгедек. Отбасынан бөлек тұрған. Анасы окнологиялық орталықта санитар болып жұмыс істейді. Бірнеше жыл  “Иегова куәгерлері” ағымында жұмыс істеді. Бұл ұйымға Ресейде тыйым салынған.

 

Анасы мен баласының қатынасы нашар болған. Анасы кейде үйге кірген баласының киімдерін тексеретін болған. Ал, студент сабақты нашар оқығанымен мінезін көрсетпеген. Сыныптастарымен жақсы араласқан.
Марқұмдардың отбасына млн теңгеден өтемақы төленеді.

Еске сала кетсек, 17 қазанда Керчь қаласындағы колледжде жарылыстар болып, атыс орын алды. Оқиға салдарынан 20 адам көз жұмып, 50-ге жуығы зардап шеккен. Олардың дені – жасөспірімдер. Ауурханаға жеткізілгендердің 10-ы ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр.

Артынша анықталғандай, қайтыс болғандардың көбі оқ жарақатынан көз жұмған. Куәгерлердің сөзінше, ғимаратта жарылыс болып, артынша сыртқа жүгіріп шыққан адамдарға оқ жаудырылған. Желіде сұмдық жағдайдың видеосы пайда болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау