Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Керчь қаласындағы жарылыста қаза болған қыздың жігіті терезеден секіріп кетті

Керчь қаласындағы колледжде қаза болған қыздың сүйіктісі өзіне қол салмақ болды. Марқұм бойжеткен 21 жаста болған.

Жас жігіт Армен Бадалян 20 қазан күні терезеден секіріп кетті. Ол желіде қаза болған Викторияны сүйетінін жазған. Деректерге сүйенсек, жігіт аман. Бірақ, омыртқасы зақымдалған. Жігітті қалалық емханаға жеткізді. Оған дәрігерлер ота жасады.

Еске сала кетсек, 17 қазанда Керчь қаласындағы колледжде жарылыстар болып, атыс орын алды. Оқиға салдарынан 20 адам көз жұмып, 50-ге жуығы зардап шеккен. Олардың дені – жасөспірімдер. Ауурханаға жеткізілгендердің 10-ы ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр.

Артынша анықталғандай, қайтыс болғандардың көбі оқ жарақатынан көз жұмған. Куәгерлердің сөзінше, ғимаратта жарылыс болып, артынша сыртқа жүгіріп шыққан адамдарға оқ жаудырылған. Желіде сұмдық жағдайдың видеосы пайда болған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау